Бердібек Сапарбаев өзіне 12 көмекші жалдап алды
2016 ж. 31 наурыз
3111
4
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзіне 12 көмекші жалдайтын болды деп хабарлайды "Диапазон" порталы.
Әр ауданға жауапты 12 көмекші қала тұрғындарын қабылдап, ақпаратты облыс әкіміне жеткізіп отыратын болады деп мәлімдеді "Ақтөбе ақпарат" ақпараттық орталығы.
Облыс әкімінің қоғамдық көмекшілері институты Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен енгізілуде.
"Біз аудан әкімдері берген ақпаратқа сенеміз, алайда олар әдетте өзіне тиімді ақпаратты хабарлайды. Сіздердің міндеттеріңіз - облыс басшысына шынайы жағдайды жеткізіп отыру. Сіздерден әлеуметтік салаға көбірек ден қоюларыңызды сұраймын - білім, медициналық қызмет, азық-түлік бағасы, ауыл шаруашылығының дамуы тағысын тағылар", - деді Бердібек Сапарбаев өз көмекшілеріне.
Қоғамдық көмекшілер қызметіне Ақтөбе облысының 12 ауданынан белді өкілдер тағайындалды.
Атап айтқанда, Алға ауданында - Қайрат Қазмағамбетов, Әйтеке биде – Рысқали Бозбетов, Байғанинде – Ибрахим Ермекбаев, Ырғызда – Нұрқасым Сәрсенбайұлы, Қарғалыда – Аманқос Төлеуов, Мәртүкте – Ирина Цыба, Мұғалжарда – Айтбай Беркімбаев, Темірде – Берік Дәндібаев, Үлбіде – Сансызбай Өткелбаев, Қобдыда – Жауғашты Жұмағалиев, Хромтауда– Бекболат Келбатыров және Шалқарда – Ілияс Резванов.
Аудандағы көмекшілерге кабинет, телефон және көлік бөлінеді. Аймақ басшысы олармен айына бір рет жолығып отырады.