Жүргізушіден тығылған жолпол айыппұлдан тығыла алмайды
2016 ж. 29 наурыз
3180
27
ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха жүргізушілерден шөп арасында тығылатын полицейлердің әрекетінің жолын кесетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз бастапқыда ешкім тығылмасын деп тапсырма бердік. Мұнда мәселе полицейлердің әрекетінің заңдылығы емес жайында емес, дұрыс-бұрыстығы жайлы. Олар бұрыш-бұрышта, шөп арасында тығылып, кейін дереу атып шығады, біз мұндай әрекеттердің жолын кесеміз. Нақтырақ айтқанда, Алматы облысы бойынша тексеріс жүргіздік, мұндай әрекет жасағаны үшін батальон командиріне дейін босаттық", - деп мәлімдеді ол Астанадағы брифингте.
Сонымен қатар, ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев Астандағы баспасөз мәслиахаты кезінде жылдамдық өлшеу құрылғыларының Қазақстанның барлық өңірінде орнатылатынын хабарлады.
Дерек көзі: tengrinews.kz