Қазақстанда қыз саудасын қыздырған қырғыз милиционерлері (фото)

Қырғызстан ІІМ-нің бұрынғы қызметкерлері адам саудасы үшін қамауға алынды. Олар қылмыстық топ құрып, бойжеткендерді алдау жолымен Қырғызстаннан Алматыға жеткізіп отырған. Бұл туралы Қырғызстан ІІД-не сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Қырғызстанның бұрынғы милиционерлері Алматыда бойжеткендерді саудаға салған 
Ош қаласының 1997 жылғы тумасы тәртіп сақшыларына жүгініп, өзін Алматыда жұмыс береміз деп алдап, 500 долларға сатып жіберген Нора есімді бойжеткен мен Эрлан және Әзірет есімді азаматтардың үстінен шағым түсіреді. Қаңтар айында алданып, жезөкшелікке салынған бойжеткен адам саудалағыштардың бар былығын жайып салған деп жазады Kabarlar.org. "2016 жылдың қаңтарында Нора есімді бойжеткен Эрлан және Әзірет есімді белгісіз азаматтармен келісімге отырып, Қырғызстаннан Алматыға жезөкшелікке бойжеткендерді жіберіп тұруын сұрағаны анықталды. Бұл қызметтері үшін Эрлан мен Әзірет әр бойжеткен үшін 500 доллар алып отырған.2016 жылдың қаңтарында Алматыдағы кафеде даяшы болып жұмыс істейтініне сеніп қалған Багирова Р. есімді азаматша мен Сабина есімді бойжеткен Алматыға барады. Оларды Нора есімді бойжеткен күтіп алып, "Омарова" (жезөкшелер үйі) қонақүйіне жайғастырады. Сол жерде Нора 40-45 жастағы Айнұр есімді әйелмен бірігіп, бойжеткендердің құжаттарын тартып алады. Соққыға жығатындарын айтып, қоқан-лоққымен оларды жезөкшелікке салады", - деп хабарлады құзырлы мекеме. Нәтижесінде Чуй облысының тумасы болып келетін 1989 жылғы бойжеткен, Ыстықкөл облысының тумасы болып келетін 1992 жылғы азамат, Ош облысының тумасы болып келетін 1992 жылғы бұрынғы ІІБ қызметкері, Бішкек тұрғыны болып келетін "Ніл" кафесінің қожайыны әрі Бішкек ІІБ-нің 1974 жылғы бұрынғы қызметкері құрықталды.
Қырғызстанның бұрынғы милиционерлері Алматыда бойжеткендерді саудаға салған
Қырғызстанның бұрынғы милиционерлері Алматыда бойжеткендерді саудаға салған
Қырғызстанның бұрынғы милиционерлері Алматыда бойжеткендерді саудаға салған
Қырғызстанның бұрынғы милиционерлері Алматыда бойжеткендерді саудаға салған
"Адам саудасы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 Дерек көзі: Kabarlar.org.