Астанада Ақжусан Иманғазықызының жеке концерті өтеді

 600729_745006615599865_9213946074853313125_nНаурыздың 29 күні, сағат 16:30 Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің Ф. Шопен залында белгілі күйші, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты Ақжусан Иманғазықызының "Аққу" атты жеке концерті өтеді.

Концертке белгілі өнер жұлдыздары, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кеште автордың әндері мен елге танымал саңлақ сазгерлердің күйлері орындалады. Әсем ән мен тәтті күй кешінің қадірлі қонағы болыңыздар.

Кіру тегін.