Арыз айтып келгендер "Ақ жолға" сенім артып, Ақ жол тіледі
Бүгін «Ақ жол» партиясы Астанадағы орталық кеңсесінде Ашық есік күнін өткізді. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар мен партияның орталық аппараты қызметкерлері қатысқан жиынды «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса жүргізді.
Партияға арыз айтып келген көптеген сайлаушылардың дені Астана қаласы мен іргедегі Ақмола облысына қарайтын елді мекендер тұрғындары. Негізгі мәселелер – кәсіпкерлік даулар, тұрғынүй мен жер телімі, ПИК-терге деген тұрғындардың шағым айтуы, т.б.
Әсіресе, «АльянсСтройинвест» ЖШС үстінен ұжымдық шағым айтушылардың зары назар аударды. Бұл мәселелердің бәрі «Ақ жол» партиясының назарына алынып, тиісті орындарға сауал жіберіліп, қадағалатын болып шешілді.
Арызымен келгендердің ішінен бірнеше сайлаушы партия қатарына кіруге өтініш беріп, партия қатарын толықтырды.
Ашық есікке келушілер «Ақ жол» партиясына өздерінің ақ тілегі мен артар сенімдерін білдіріп, «Ақ жол» тіледі.
qazaquni.kz