АНАЛАРЫМЫЗ АРДАҚТАУҒА ЛАЙЫҚТЫ
2016 ж. 16 наурыз
2043
0
Интернетте Ұстаздарға пайдалы жаңалықтар іздеп отырғанымда «Ел анасы» отбасылық журналының ашылғаны туралы хабар оқыдым. «Ел анасы» журналының бас редакторы Мәдина Махамбетқызын кәсіби журналист ретінде танимын. Ал, журналдың идеясы ерекшелігімен тартымды.
Ананы дүниедегі ең жақын адам деп санау әр адамның парызы. Ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Жанұядағы қадірлі жанның бірі — Ана. Ана — өмірге ұрпақ әкелуші, отбасының лаулап жанған оты, баланың тәрбиешісі, ақылшысы, қамқоршысы.
Ұстаздарымыздың барлығын «Ел анасы» атына лайықты деп есептеймін. Себебі, ұстаздарымыз үйінде Ана, мектепте де оқушыларына білім берумен қатар аналық мейірімін көрсетіп жүрген аяулы жандар.
Алғашқы Интернет белсенділік заманында оқырмандарға веб сайттардың администраторлары мен программистерінің өмірі қызығушылық тудыратын. Интернет қолданушылар арасында олардың өмірі салты, қызығушылықтары және өмірлік принциптерін талқылау басты тақырыпта болатын. Ал, кейінгі уақытта өнердегі жұлдыздарымызды талқылау басты тақырыпқа айналды. Жұлдыздардың Инстаграммдағы жазбаларынан жаңалықтар жазу әдетке айналды. Қазақша шығатын «Жұлдыздар отбасы» журналының оқырмандар санының артып отырғаны да белгілі. Ал, «Аңыз адам» журналы болса жаңа тақырыпқа жол ашты. Оқырман талғамының тек қана өнерпаздардың өмірі емес, белгілі тұлғалардың өмірбаяны да қызықтыратынын көрсетті.
Жаңадан ашылып отырған «Ел анасы» журналына жанашыр, тұрақты, белсенді оқырмандары көп болсын деп жақсы тілек білдіремін. Ұстаздарымызды жаңа журналдың оқырманы болуға шақырамын. Журналды оқыңыздар, ұсыныс пікір білдіріңіздер. Журналдың әр саны сапалы мақалалармен бай болсын.
«Ел анасы» журналы туралы ресми ақпарат:
Қоғамдық құбылыстарға, ел ішіндегі өзекті тақырыптарға «Ел анасының» көзімен қарай отырып, аналық мейірім-шапағаттың қоғамды тәрбиелеудегі зор пәрменділігін түсіндіру – журналымыздың басты мақсаты. Сол себепті де журнал атауын «Ел анасы» деп алуды жөн көрдік. Бұл журнал қандай да бір саяси мүддені көздемейді, белгілі бір адамдарға жарнама жасамайды. Бүгінгі күні көзі тірі, ортамызда жүрген қазақтың «Ана» деген ардақты есіміне лайықты аналардың адамдық болмысы мен отбасындағы, бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктеріне үңіліп, үлгі етіп көрсетеді.
«Ел анасы» журналының бас редакторы Мәдина Махамбетқызы өзінің фейзбук парақшасында «Редакция алқасы болып ақылдаса келе, тәй-тәй басқан журналдан түсер қаржыны сауапты іске жұмсауды жөн көріп отырмыз. Әрине, журналдың асып бара жатқан табысы жоқ, дегенмен қанағат болса барлығы болады ғой. Және ең басты қаржыгерлеріміз өздеріңізсіздер. Себебі сіз сатып алған әрбір журналдан түскен ақшаның 10 пайызын қайырымдылық қорға бермекпіз. Сонда сіз бір журнал сатып алсаңыз, рухани сусындап қана қоймай, сауапты іске үлес қосқаныңыз болады! Алла баршамыздың ниет-амалдарымызды қабыл алып, екі дүниеде де қайырлы етсін!» – деп жазады.
Журналды Интернет арқылы тапсырыс беріп сатып алуға болады. Ол үшін тапсырыс формасын толтырып жібересіз.
Тапсырыс беру үшін: «Ел анасы» отбасылық журналын сатып алуға тапсырыс формасы
Журналды тікелей хабарласып сатып алу үшін: 8708-776-50-60 Шымкент, 8775-759-88-85 Астана, 8702-270-97-48 Астана, 8701-185-51-65 Алматы байланыс телефондарына хабарласыңыз.
Дерек көзі: 45minutkz.wordpress.com