Қазіргі дағдарыс әлемдік экономиканы жаңартады - Назарбаев

Доллар қымбаттады деп байбалам салуды қою керек. Батыс Қазақстан облысында халықпен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді.

Назарбаев: Доллар қымбаттады деп байбалам салуды қою керек

Президенттің айтуынша, еліміздің болашағы жарқын болуы тиіс деп хабарлайды КТК арнасы.

Оралға ат басын тіреген елбасы алдымен өңірдегі Тұрғынүй-құрылыс комбинатында болып, Қадыр Мырза-Әли атындағы өнер үйінде өңірдің зиялы қауымымен кездесті. Алғашында әңгіме ғылым, өнер мен театр жайында өрбігенімен, бәрібір экономиканы айналып өтпеді.

Елбасы  теңгемен жалақы алып, ұлттық валютаға тауар сатып алып жүрген жұртқа  долларға жалтақтауды қою керек дейді. Есесіне, білім саласына мықты назар аударған жөн.

"Қазіргі дағдарыс әлемдік экономиканы жаңартады. Жаңа жетістіктер, инновациялар арқасында  біз немесе біздің ұрпағымыз әлемдік экономиканың жаңа түрінің дамуына куә боламыз. Біз бұған дайын болуымыз керек. Ол үшін білім саласына назар аудару қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дерек көзі: КТК арнасы