«АҚ ЖОЛ» АЛАШ РУХЫН АСҚАҚТАТЫП КЕЛЕДІ

  sultanqan1

Сұлтан Хан АҚҚҰЛЫ, алаштанушы ғалым, журналист:

«АҚ ЖОЛ» АЛАШ РУХЫН АСҚАҚТАТЫП КЕЛЕДІ

Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің «Алаш» ғылыми зерттеу институтының тізгінін қолға алғалы бері «Ақ жол» партиясымен ынтымақтастықта жұмыс істеп келе жатқан жайымыз бар. Партия елді толғандырған өзекті мәселелердің оң шешімін табуына ықпал етумен қатар, Алаш мұрасының ел арасында кеңінен насихатталуына барынша үлес қосуда. Оның бір дәлелі деп, «Ақ жол» партиясының ұйытқы болуымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты ұлттық байқауды айтуымызға болады. Байқаудың бірден бір ерекшелігі – жәй ғана республикалық дәрежеде емес, ұлттық деңгейге көтерілгендігі. Бұл өз кезегінде Алаш мұрасының тың деректермен толыға түсуіне мүмкіндік туғызып отыр. Сонымен қатар, 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілгелі отырған Алаш көсемі – Әлихан Бөкейханның ұлы тойын туған елімізде де жоғары деңгейде өткізу қажеттігі туралы депутаттық сауалды да Үкіметке «Ақ жол» фракциясының депутаттары жолдаған-ды. Нәтижесінде, Алаш арысының тойын өз дәрежесінде атап өту үшін мемлекет тарапынан қажетті қаржы бөлінетін болды. Партияның келешекте де да осы бағытта атқаратын істері жандана түседі деген ойдамын. Ендеше алдағы сында сәттілік тілеймін!