"Жас Алаштың" "жазасы" жеңілдемеді
2016 ж. 07 наурыз
2715
3
Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы “Жас Алаш” газетіне қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.
“Жас-Ай” шығыс медициналық орталығының жетекшісі Жасан Зекейұлының арызы бойынша шығарылған сот шешіміне қарсы редакцияның апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Газеттің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы, мақаланы жазған газеттің журналисі, оқырмандары және Жасан Зекейұлының бұрынғы екі туысы арызданушыға жарияланған мақала үшін 40 миллион теңге (қазіргі бағам бойынша 114 мың доллар) моральдық шығын ретінде өтемақы төлеуі тиіс.
Апелляциялық сот шешімінен кейін Жасан Зекейулы сот процесіне қанағаттанатынын, жауапты тараптан алатын ақшаны қайырымдылық қорына жұмсайтынын мәлімдеді.
“Жас Алаш” газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы соттың шешіміне қайта шағымданатынын мәлімдеді.
Дерек көзі: dalanews.kz