Ақышевтің ақылы - 50 де 50
2016 ж. 03 наурыз
2057
2
Сенат отырысында Ұлттық банктің жалпы жағдайы туралы баяндама жасаған Данияр Ақышев қазақстандықтарға ерекеше ұсыныс жасады. Оның айтуынша теңге бағамына алаңдаудың қажеті жоқ. Алайда, жиған-тергеніңізді сақтаудың тиімді жолын ұсынды.
“Біз алдағы уақытта ұлттық валютадағы депозиттердің үлесінің көтерілетінін күтеміз. (…) Теңгенің айырбас бағамы әлсіз болса да, нығайса да, Ұлттық банк азаматтарға өз жинақтарын 50 де 50 ұстанымы бойынша жинауға кеңес береді. 50 пайызын ұлттық валютада, 50 пайызын шетел валютасында”, – деді Ақышев Сенаттың отырысында.
Айтпақшы бұдан бұрын біз Ақышевтің неден алаңдайтынын жеткізген болатынбыз.
qazaquni.kz