Әйелдердің алақанынан жүрегіне жылу алатын әкім
2016 ж. 03 наурыз
1967
0
Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев жергілікті әйелдер қауымын төл мерекелерімен құттықтауды бастап жіберді.
Еркін форматта өткен кездесуде әкім нәзік жандыларға тілегін жаудырып қана қоймай, әдемі әзілдеуді де ұмыт қалдырмады. Соның ішінде Мақсат Исаев еркектерге қарағанда әйелдердің жауапкершілігі жоғары екенін мойындады.
"Сіздердің еңбектеріңізді әрқашан да бағалаймыз. Өздеріңізбен замандас қыз-келіншектерге үлгі ретінде құрметтейміз... Әйел азаматтарға қашанда көмектесуге әзірміз. Сіздердің аялы алақандарыңыз біздің жүрегімізге нәзіктік береді", - деген аудан басшысы қабылдауға келген нәзік жандыларға гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етті.
Құттықтауға ие болғандардың бірі - Маргарита Жоланова өзі тұратын Тайқоңыр елдімекені тұрғындарының атынан алғыс айтып, тіпті әкімге дәл бүгінгідей қалпында сымбатты болып жүре беру керектігі жөнінде кеңес берді.