Қазақтың тұңғыш Қорғаныс министрінің портреті қоқыста жатыр
2016 ж. 01 наурыз
4660
5
Өскемен қаласының тұрғыны, журналист Мерей Қайнаров өзінің фейзбуктағы парақшасына төмендегі суреттерді жүктеп: "Кеңес Одағының Батыры, армия генералы, еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі - Сағадат Нұрмағанбетовтың портреті Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 8/1 ғимараты маңындағы қоқыстардың бірінде жатыр. Кім екен тастай салған портретті?!" - деп жазады.
Кешегі күні бүгінгі ұрпақтың амандығы үшін кеудесін оққа төсеген қаһарманға сол өзі қорғаған ұрпақтың көрсеткен сыйы осындай.

