Ерасыл Әубәкіровтың достары Total.kz сайтының редакциясына хабарласып әділдік орнатуды қалайтындарын айтқан. Студен қыз-жігіттер қайтыс болған азаматтың соңынан оны қызтеке деген сынды жалған ақпарат таратушылардың көбейгенін айтады.
«Белгілі болғандай Ерасыл 3 ақпан күні жоғалып, 15 ақпанда 11:35 шамасында оның ВК әлеуметтік желісіне белгісіз азамат кіріп, оның достығындағы үш адамды өшірген.Сондай-ақ оның Facebook желісіндегі парақшасына кірген белгісіз азамат «еркектерді» ұнату белгісін қосып кеткен. Біз барлығына ерасылдың нағыз еркек болғанын айтқымыз келеді. Оны нағыз еркекке тән мінезді адам тәрбиелеген. Ол қызтекелікке мүлдем қарсы болды, оны табиғатқа, жаратылысқа қарсылық деп түсінді. Ол жүретін қызымен ұзақ уақыт бойына жақсы қарым-қатынаста болды. Ол танымалдыққа, әсіресе қыздардың назарына түсуге тырысты, әйелдерді ұнатты»,- дейді Ерасылдың досы.
Ерасылдың досының сөзінше оны қаралауға бағытталған желідегі суреттер мен видеолардың барлығы да жұртты арандату үшін жасалған.
«Жаңалықтарда оны шоумен деп атады. Біз елден оның өлімінен кейін шоу жасауды тоқтатуды сұраймыз. Халықты жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз. Оның өлімінен кейін де аудиожазбалар,видеолар арқылы оны қызтеке етіп көрсетіп, дәлелдегісі келетіндер болды. Оның барлығы жалған. Мен онымен жақын қарым-қатынаста болғанмын, оның намысты еркек екеніне сенімдімін. Желіде тараған ақпарат жалған. Оны қорқытып айтқандарына көнуге мәжбүрлеген. Қолы байланып, қорқынышта отырған адам нені болса да мойындауы мүмкін. Полиция біз оның туысы болмағандықтан сөзімізге назар аудармады. Ерасыл Әубәкіровтың әруағын қорлауды тоқтату керек»,-дейді қыз.
«Ол барлық салада таңқаларлықтай талантты еді. Сабақтан бастап сурет салуда, ән шырқауда. Оның арманы адамдарды құтқару еді. Ерасылдың бойында бір тамшы жеккөру, көреалмау, қызғаныш кемшіліктері жоқ еді. Ол таза адам еді. Ерасыл өте байсалды бірақ көңілді, бала сияқты қуана білетін адам еді. Ол өз өмірінің қысқа боларын білгендей, аз ғана уақытты қызықты өткізуге тырысты»,-дейді марқұмның достары.
Бұған дейін Ерасылдың қалыңдығы екеуінің жоспарлары жайлы журналистерге айтқан болатын. Қыздың сөзінше марқұм жаңа жылдан бері
үйленіп, отбасылы болу жайлы жиі айтқан екен.
Дереккөз: Stan.kz