Қазақ өнері қара жамылды
2016 ж. 26 ақпан
2980
4
Бүгін, бейсенбіден жұмаға қараған түнде белгілі әнші, сазгер, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Тұрсынғазы Рахимов қайтыс болды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тұрсынғазы Рахимов 1951 жылы 15 қазанда туған. Алматыдағы эстрадалық-цирк колледжін бітірді. 1994 жылы «Сәби болғым келеді» деген атпен әндер жинағы шықты. «Дариға, домбырамды берші маған», «Отыздан асып барамын», «Мен сені сағынғанда», «Санаулы күн, санаулы ай, санаулы жыл», «Сәби болғым келеді» секілді әндерді жазған композитордың барлығы жүзге тарта әні бар.
Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері. Республикалық деңгейдегі бірқатар өнер байқауының лауреаты.
Тұрсынғазы Рахимов ағамызбен қоштасу рəсім 28-ақпан күні сағат 10-да Семейдегі Абай театрында өтеді.
Дерек көзі: egemen.kz