Мүгедек жігіт шотындағы 5,5 млн. теңгені қайрымдылыққа жұмсады
2016 ж. 24 ақпан
3076
0
Қарағандылық Нияз Сүндетәлиев 5 жарым миллион теңгені науқас балаларға аударды деп хабарлайды 24 арна.
Бүгінде оның денсаулығы біршама түзелген. Қазір өзі отырады, тіпті қалам да ұстай алады. Кезінде омыртқасы сынып, мүлдем қимылсыз жатып қалған еді.
«Денсаулығымның жақсаруы көп еңбек пен мені қоршаған адамдардың жылы лебізінің арқысы», - дейді Нияз.
Жігерлі жанның, бар үміті Оңтүстік Корея дәрігерлерінде. Олардың айтуынша, Ниязға операция жасау үшін ұзақ физикалық дайындық қажет.
"Менің шотыма жиналған қаражат жедел операцияны қажет ететін балаларға аударылды. Өзіме келсем, мен әлі ем алып жатырмын. қазір массаж терапиясы жүріп жатыр. Әзірге мені әлемдегі ешбір аурухана қабылдай алмаймыз деп отыр. Сондықтан екі жыл бойы халықтың маған жинаған ақшасын сақтап отыра алмаймын. Өйткені қазір шетелде шұғыл операцияны қажет ететін бүлдіршіндер көп. Сондықтан мен бұл қаражатты соларға аударуды жөн көрдім", - дейді қала тұрғыны Нияз Сүндетәлиев.