Жоғалған бала табылды
2016 ж. 23 ақпан
2791
0
Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен алты жасар Мұхаммед Қамшыбек табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. Полицейлер оны Арыс қаласынан тапты.
ІІД өкілдері баламен бірге 1956 жылғы әйелдің табылғанын хабарлады, ол Арыс қаласының тумасы, оның түр-кескіні жасалған фотороботқа сәйкес келеді екен. Ол ұсталып, қазіргі уақытта "Адам ұрлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полицейлер баланы 23 ақпанда кешкі уақытта тапқанын хабарлады.
Баланың анасы Жанна Ағабекованың айтуынша, бала аман-есен, қазіргі уақытта олар Шымкентке қарай жол жүріп бара жатыр. "Оның жағдайы жақсы. Оның денсаулығы жақсы екені хабарланды. Оны сол әйелмен бірге тауып алыпты", - деді Жанна Ағабекова.
Еске салайық, Мұхаммед Қамшыбек 20 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен еді. Баланы Амангелді ауылындағы мектептен үйіне қарай кетіп бара жатқан жерінен алып кеткен. Осыдан кейін оны ешкім де көрмеген. Куәгерлер оны 50-55 жас шамасындағы әйелдің алып кеткенін айтып берген еді. Полицейлер оның фотороботын жасады.
Дерек көзі: tengrinews.kz