Үкімет Ұлттық қорды пайдаланудан бас тартты
2016 ж. 23 ақпан
1565
0
Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық қордан қосымша трансферт пайдалану мүмкіндігінен бас тартты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«Үкімет экономиканы дамыту үшін Ұлттық қордан қосымша трансферт сұрамайтын болды. Бүгінде біздің ұстанған және жүзеге асырып отырған саясатымыз осы. Оның үстіне, кепілді трансферт аясында заңға сәйкес, 15 пайыздың деңгейінде қосымша қаржы алуға мүмкіндігіміз бар еді. Біз бұл мүмкіндіктен бас тарттық. Яғни, 360 теңге курсы бойынша 8 миллиард доллар кетеді»,-деп түсіндірді Е.Досаев. Е.Досаевтың айтуынша, Үкімет еліміздің 2016 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа болжамын бекітті. Бұған дейін министрдің мәліметін хабарлағанымыздай, 2016 жылы инфляция деңгейі бұрынғы 6-8 пайыз дәлізінде сақталады.
Дерек көзі: ҚазАқпарат