Еліміздегі ең сұранысқа ие мамандықтың алғышқы ондығы анықталды

20150724145724Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда жоғары сұранысқа ие ТОП-10 мамандықты атады. «Еңбек нарығында қандай мамандар жетіспейтіндігіне тоқталар болсақ, бізде бүкіл ел бойынша бос жұмыс орындары туралы ақпаратты қамтитын www.enbek.kz порталы бар. Ол толық ақпаратты бере алады. Бүгінде біздің елде 17 200 бос жұмыс орындары бар», - деп атап өтті ол. «Мен сіздерге жоғары сұранысқа ие топ-10 мамандықты айта аламын. Бізде бүгінде ұйымдар мен мекемелерге 622 мұғалім, 605 дәрігер, 565 бухгалтер-кассир, 398 дәнекерлеуші, 360 бетоншы, 314 жүргізуші, 280 әкімші, 277 еден жуушы, 255 сату менеджерлері, 239 инженер жетіспейді. Бұл мен таңдаған ондық. Бұлар ашық бос жұмыс орындары», - деп түйді ойын вице-министр. qazaquni.kz