Сот Тоқтар Төлешевті екі айға қамауға шешім шығарды
2016 ж. 03 ақпан
1896
6
«Шымкенсыра» зауыты жұмысын тоқтатпайды. Кәсіпорын басшысы Төлешовке қатысты тергеу амалдары өндірістің берекесін қашырып отырған жоқ".
Бүгін бизнесменнің қорғаушысы Евгений Яворский бастаған зауыттың бірқатар қызметкерлері баспасөз мәслихатын өткізіп, осылай деді. Зауытта жұмыс бірқалыпты жүріп жатқанын жеткізген еншілес компанияның заңгері жуық арада қызметкерлер жалақасының да төленетініне сендірді. Алайда, қарыз сомасы әзірге белгісіз. Кәсіпорын қызметкерлері еңбекақының қай күні өтелетінін де ашып айтқан жоқ. Бір белгілісі, зауытта жұмыс істейтін мыңға жуық қызметкер желтоқсан айынан бастап айлық алмаған. Мұны топ-менеджерлер қысқы ауа райына байланысты өнім көлемінің 5-6 есеге азаюымен байланыстырып отыр. Ал Тоқтар Төлешевтің өзін сот екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Кәсіпкердің адвокаты Евгений Яворский Төлешовке қылмысты кодекстің есірткіге байланысты 297 және қылмысты топты қаржыландыруға қатысты 266-бабы бойынша айып тағылғанын мәлімдеді. Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 30 қаңтарда Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған еді. Оның тұрғылықты мекенжайы мен жұмыс орнын тексерген кезде қару, есірткі заты және әлдебір әдебиет табылып, тәркіленген kz.otyrar.kz