Бұл халық санын өсірмеу үшін ойлап табылған
2016 ж. 31 қаңтар
2324
0
Джонс Хопкинс университетіндегі ғалымдардың жаңа зерттеуі кедей елдерде шағын отбасылардан шыққан балалардың өмір ұзақтығы үлкен отбасылардан шыққандардан шамамен үш жыл көп екенін көрсетті. Мамандар сәбилер өлімінің көрсеткіштерін де есепке алды. 4 және аз балалары бар отбасылар шағын, одан көп болса - үлкен болып есептеледі.
Осылайша, отбасын жоспарлау бағдарламалары тұрғындардың бірқалыпты өсімін қамтамасыз етіп, қорларды үнемдеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, адамдардың денсаулығына да әсер етеді, деп жазады Zee News. Шағын отбасыларда ағалар мен апалардың арасында бәсекелестік деңгейі төмендетілген. Балалар үшін жағдай жасалып, бұл олардың денсаулығына да жақсы әсер етеді.
Айта кетейік, Хьюстон университетінің зерттеушілері көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың оқу үлгерімі төмен екенін анықтады. Бұдан басқа, олардың тәртібі де нашар. Мәселе кіші баласының дүниеге келуін ата-ананың ересегіне аз көңіл бөле бастауымен түсіндіріледі.
Дерек көзі: ҚазАқпарат