"АҚ ЖОЛҒА» БАҚ ЗОР ТІЛЕЙІК !!!
2016 ж. 29 қаңтар
2923
11
Сайлауда аз да болса демократиялық құндылықтардың сақталуы үшін, "Ақ жол" партиясына ақ жол тілеп, тілекші болғаннан басқа не қалды бізге? Қаласақ та, қаламасақ та сайлау болады, "Нұр Отан" тағы 80 пайыздың айналасында дауыс алады. Бізде "Нұр Отанмен" бәсекелес бола алатын партия әзірге жоқ. Аты бар да, заты жоқ партиялар көп болғанымен, "Нұр Отаннан" кейінгі орында тұрған партия, ол - "Ақ жол".
Мен "Ақ жолдың" құрамын дұрыс бағалаймын, ұлтшыл зиялылармен толыққан. Иә, өткен сайлауда "қазақ зиялылары кірмей қалды" деп ренжідік. Шынында, айналдырған 7-8 орынға кімдерді толығымен сиғыза алсын. Біз ішінде болмаған соң, қайдан білеміз? Партияның ортақ шешімімен 7-8 адам өтсе, қалған зиялы қауым соларға тірек болып, ақылшы болып отырған болар. Мен ойлаймын, партия жетекшісі Азат Перуашев, Алмас Тұртаев бастаған бірнеше депутат өз міндеттерін лайықты өтеді. Ұлттық мәселелерде ауыздарын жұмып қалмады. Кей заңдарда қарсы дауыстар берген кездері де болды. Ал билғы Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерей тойының ЮНЕСКО көлемінде жоғары дәрежеде өтуіне өз дайындықтарын көрсетіп отыр.
Ақжолдықтар "Көші-қон" туралы да үнсіз қалмаған. "Ақ жол" партиясының саяси бағдарламасында көші-қон мәселесі қаралған: *Отандастарымызды тарихи отанына қайтару жөніндегі көші-қон саясатын күшейту, бұл орайда экономиканың қажетсінуіне, өндіргіш күштердің орналастырылу сипатына және Индустрияландыру бағдарламасына сәйкес қоныстандыруға ынталандырудың теңдестірілген көзқарасын қамтамасыз ету;"-деп атап көрсетілген. Одан соң "Тек Президентке бағынатын жеке дара Көші-қон агенттігін құру" туралы Үкіметке депутаттық сауал жолдаған да "Ақ жол" партиясы. Оны көп қайраткер қандастарымыз жақсы біледі. Алдағы уақытта да шетелдегі қандастарымыздың жағдайы басты күн тәртібімізде болады дейді. "Ақ жол" кейінгі кезде кедергілерге тап болып жатқан қазақ көшінің жандануына, қазақ жері қазаққа толуына ықпал етіп, ақ жол ашады деп үміттенеміз
Мен "Ақ жолды" қолдаймын! Парламентте өздерін таныта білген "Ақ жол" енді аяғына нық тұрып алған соң, ұлттың жоғын жоқтайтын азаматтарды алып шығады деп сенеміз!
Тұрдыбек ҚҰРМЕТХАН,
Gu-gu.kz