Геннадий Головкин: Астанада бокстан кәсіби шоу өткізгім келеді

photo_41071"Цеснабанктің" шақыруымен елордаға келген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Астанада кездесу өткізуге қарсы емес екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Астанада жекпе-жек өткізу? Қуана-қуана. Жәй ғана жекпе-жек өткізу емес, кәсіби шоу өткізуге болады. Нағыз профи бокстың қандай болатынын көрсетуге мүмкіндік бар. Қазақстанда үлкен оқиға жасағым келеді", - деп мәлімдеді Головкин.

Сонымен қатар, ол Қарағанды облысында туристік кешен салынып жатыр деген мәліметті жоққа шығарды. "Мұны кімдердің шығарып жүргенін білмеймін. Ешқандай да кешен жоқ. Солай десе, оны әкімдіктен сұраңыздар", - деді былғары қолғап шебері.

qazaquni.kz