ЗАМАНБЕК НҰРҚАДІЛОВ: ҚОРҚЫНЫШСЫЗ ӨМІР

Заманбек Нұрқаділов заманауи Қазақстанның тарихында қарама-қайшы саясаткер болды. Жоғарғы лауазымда бола, ол басқа шенеуніктерге қарсы сөздерін шектемеді, ал оппозицияда бола, әшкерелеуді айтқан болатын, - деп хабарлайды voxpopuli.kz. Оның қазасы тергеудің ресми қорытындысына қарамастан жұмбақ болып қалды. Құпия болып Нұрқаділовтың жеке тұлғасы да болып қалды: адамдардың ойында ол мықты, дербес саясаткер болып қалды ма әлде эпотажды саясаткер болды ма?

1988 жыл, суреттің авторы В. Зинин. Нұрқаділов - Алма-Аты қалалық атқарушы комитеттің төрағасы.

Заманбек Нұрқаділов Алма-Аты облысында 1944 жылы дүниеге келді. Ол өзінің бала кезін "кедей және жартылай аш" деп айтатын. Әкесі майданда қайтыс болды, Заманбекті анасы тәрбиеледі. Заманбек Ұлы жүз, руы Албан болатын.

Заманбек Қазақ Политехникалық институтты, инженер-құрылысшы мамандағын бітірген және 20 жыл құрылыс саласында қызмет атқарды. Еске алу кітабында Нұрқаділов мансабымен республика басшысы Дінмұхамед Қонавке ризашылығын жазған, ол жас құрылысшыны байқап, Алма-Атының қалалық атқарушы комитетіне шақырған болатын.

1986 жыл. Суреттің авторы О. Исаев. Жазушы Ғабит Мүсіреповтың ас беруі. Алма-Аты қалалық атқару комитетінің төрағасы Заманбек Нұрқаділов сол жақта екіншісі.

1990 жыл. Суреттің авторы С. Басыбеков. Алма-Аты қалалық атқарушы комитеттің төрағасы Нұрқаділов және ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты М. Шаханов желтоқсан оқиғасына қатысты митингте.

1992 жыл, суреттің авторы Ш. Шахай. 

Нұрқаділов Қазақстанның астанасы Алма-Аты қаласының бірінші әкімі болды. Оның басқаруында екі болашақ мэр - Шалбай Құлмаханов және Виктор Храпунов еңбек етті. Астана әкімінің орны оны жоғарғы лауазымға көтерді, оны "Қазақстандағы №2 адам" деп айтатын. Өзіне бұл атау ұнамайтын: 2000 жылдың басында "Уақыт" газетіне берген сұхбатында "ешқашан екінші болмағанын" айтады.

1994 жыл. Нұрқаділов алматылықтарды қала күнімен құттықтауда.

Нұрқаділов Алматының әкімі орнында өте ашық болатын. Оның қабылдауына түсу қиын болмайтын. "Ұрпақ" зейнеткерлер қозғалысының көшбасшысы Ирина Савостина: "оның қабылдауына келген сайын, әрдайым 20-30 адамнан көруге болады" - деп есіне алады.

Дәл Нұрқаділов 1990 жылдардың басында «Азия Дауысы» байқауының негізін салған болатын, байқау бірнеше жыл алматының визиткалық картасы болды.

1994 жыл. Суреттің авторы А. Павский. Алматы қаласының әкімі Заманбек Нұрқаділов пен ҚР премьер-министрі Сергей Терещенко бірінші автосалонның ашылу салтанатында.

1997 жыл. Суреттің авторы В. Суриков. Алматы облысының әкімі Заманбек Нұрқаділов жаңа астана Ақмолаға депуттармен бірге барар сапарының алдында

1997 жыл. Суреттің авторы Э. Закиров. ҚР парламентінің мәжілісі. Нұрқаділов екінші қатарда, сол жақтан төртінші.

Шамалы уақытқа дербес саясаткер болып, Нұрқаділов 1996-1997 жылы "Ұрпақ" зейнеткерлер қозғалысына қатысты және оппозиция митингтеріне қатысып, көптеген мәлімдемелер жасаған.

1998 жыл. Суреттің авторы В. Шипулин. Алматы облысының әкімі Заманбек Нұрқаділов спортшылармен кездесу барысында.

Бұл және келесі суреттердің авторы Максим Золотухин.

Дәл Алматы облысының әкімі орнында Нұрқаділов мәлімдемелер топтамасымен танымал болып, көпшілік қазақстандықтардың қолдауын иеленді. Олардың бірі Қапшағайда халықаралық әуежай құрастыру жайлы иедясы болды, құрылысқа 400 млн. доллар керектігін 1999 жылы хабарлаған болатын. Бір жылдан соң ол инвесторлармен меморандумға қол қойды, бірақ әуежай сол күйі құрылған жоқ.

Әуежай құрылысының басты сапасы ретінде Нұрқаділов қауіпсіздікті айтты: Алматы қаласының аумағында болған әуежай қалаға қауып-қатер алып келеді. 2012 жылдың аяғында Қазақстан басшылығы Алматы және Алматы облысында курорт зонасын дамыту жайлы қаулы қабылдады, Қапшағайға жақын әуежай құрылысы жоспарлануда. Осылайша, Нұрқаділов бұл идеяны мәлімдегеннен 14 жылдан соң, ол жүзеге аспақшы.

Алматы облысы әкімінің ұсынысы бойынша елдің экономикасын қолдау ретінде елдің алтын бұйымдарын жинастырылды. Нұрқаділов алтын тапсырғанның алғашқысы болды, алайда әкімді басшылықта да, ел де қатал сынға алды. Кейін ол: "Бұл мәселе басқа әкімдердің қатысуымен өткен. Сол кезде ешкім маған қарсы ештеңе айтпады. Мүмкін дұрыс болмаған шығармын, бірақ мен шынайы елімізге көмектескім келді" - деп айтқан болатын.

Алтын қайтарылып берілгені жайлы мәлімделген болатын, десе де "бюджеттегілер" олардың алтындарын өткізумен қатар, қайта қайтарып бермегендігіне наразылық білдірді.

2001 жылы Нұрқаділов төтенше жағдай Агентствосын басқарған болатын. Ол үшін бұл өте жауапты болды. Нұрқаділов ТЖА-ның басшысы болғандығының бас себебі Астанаға көшкісі келмегендігіне байланысты болды дейді: сол кезде мекеме Алматы қаласында негізделген болатын.

Өмірінің соңғы жылдары Нұрқаділов оппозицияда болды, бірақ көп уақытының бөлігін жанұясымен бірге өткізді. 2002 жылы оның Мерей есімді қызы дүниеге келді. Ол Мақпал Жүнісовамен ортақ жалғыз баласы болды. Бірінші некесінен оның екі баласы бар: Қайрат есімді ұлы, әкесінің қазасынан кейін бірнеше жылдан соң Алматының тұрғын-үй әкімшілігін басқарған және қызы Құралай, қазақстандық алғашқы дизайнерлерінің бірі, соңғы жұмысы Лондондағы Олимпиада ойындарының киімі болды.

2005 жылы Нұрқаділов қазақстандық шенеуніктерге қарсы "әшкерелейтін ақпараттар" бар екендігін айтты. Бірнеше рет ол құжаттарды жариялайтындығын айтты, бірақ сол күйі жасамай кетті. Сол жылы көктем мезгілінде саясаткердің қазасы жайлы сыбыстар естіле басталды: хабарлама алған тілшілер Заманбек Қалиұлына үйіне қоңырау шалған және оның сергек дауысын естіген болатын. Сол кезде оның қазасы жайлы сыбыстарды кім таратқаны жайлы түсініксіз болды.

2005 жылы 12 қараша күні Нұрқаділовтың қазасы жайлы қайта сыбыстар естілді, осы жылы ол расталған болатын. Саясаткер үйінде үш оқ атумен анықталды. Оның қазасын қасақана жасалған кісі өлтіру деп айтып, оның тергеуін ішкі істер министрі Бауржан Мұхамеджанов басқарды. Оппозициялық БАҚ Нұрқаділовтың үйіне кіріп, атқан киллерлер жасағы жайлы жазған, алайда аумаққа кіргендігін камералар түсірмеген болатын.

Көп ұзамай, өзін-өзі өлтіру нұсқасы хабарланды: Нұрқаділов эмоционалды-тұрақсыздық күйде бола, өзін үш рет атқан. Бұл нұсқаға көпшілік тілшілер мен саясаткерлер сенбеді, саясаткердің қазасын тергеуге уәде берді. Алайда, жеті жыл өтсе де ешқандай нұсқалар жарияланбады.

Нұрқаділовтың жерлеу рәсімінде 2005 жылы 15 қараша күні Алматы қаласының Ғылым Академисында жүздеген адамға лық толы болды. Бірнеше айдан соң саясаткер Алтынбек Сарсенбаевпен де бұл ғимаратта қоштасу өтті. Екі саясаткердің қазасы әлі күнге дейін толық тергелмеді.

Заманбек Нұрқаділов, белсенді саясат әрекетіне қарамастан, ең алдымен есімізде ашық және тура айтатын мемлекеттік шенеунік болып қалды. Оның лауазымындағы кез-келген шенеунік ретінде, оның артында жұзеге аспаған көптеген шешімдер мен идеялар қалды. Толығымен ойластырылмаған шешімдеріне айыптаулар айтса болады, бірақ оны ешуақытта қорқақтығы мен арамдығы үшін айыптауға болмайды.