МҰСАБЕК БАТЫР мен САПАҚ ДАТҚАҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
2016 ж. 06 қаңтар
4782
2
Биылғы жылы, қараша айының алғашкы аптасының жұма күні, қазақ халқының бipтyap ұлдары: XIX-ғасырдың 1-шi жартысындағы халқымыздың Қоқан хандығының eзгiciнe қарсы ұлт - азаттық көтерілісін басқарған, Қоңырат тайпасының Байлар-Жандар руынан шыққан батыр Мұсабекке, датқа, би - шешен Сапаққа, Сыр бойындағы «Ақын-Жақып» әулиелердің жатқан жері қорымына ескерткіш - құлпытас қойылды.
Сонда Мұсабек кім?, Сапақ кім? Соған тоқталайық.
XVIII-ғасырдың аяғымен XIX-ғасырдың басында қазақ халқының Оңтүстік өңipi Қоқан хандығының билігінде болғаны белгілі. Қоқан хандығының жергілікті жердегі қойған Мырзаби секілді әкімдері халыққа зорлық-зомбылық көрсетумен қатар, тiптi қыздан да зекет алғанын тарихтан білеміз.
Соның бip айғағы Жетісу өлкесіндегі Жамбылдың пipi болған, жыр сүлейі Сүйінбай ақынның «Ту алып жауға шапсаң сен» атты толғауында анық байқалады.
«Қоқанның қолы көп болды,
Жетісуда жатқаны.
Бар жақсыны тонап жеп,
Сүбеге қолы батқалы.
Бейсенбі күнi бесінде,
Ғизрат күнi кешінде,
Қордайдың биік төсінде,
Қоқанның ханы Құдияр,
Зорлыққып алған көп малды,
Әндіжанға айдатты.
Қол-аяғын кісендеп,
Көнбеген epдi байлатты.
Қауызын әлі жармаған,
Сұлуларды зорлапты.
Араша түсер пенде жок,
Еліңді сөйтіп қорлапты» - деп,
Қоқан хандығы дәуіріндегі өмip шындығын, қалың елге жасалған қиянатты озбырлықты көркем суреттейді.
«Әділет» газеті 16.10.2015 жыл № 40.
Miнe,осы көpiнic,осы зорлық - зомбылық, қиянат, қорлық Сыр өлкесінің Оңтүстіктегі Қоңырат тайпасының басынан да зұлмат заман болып өтiп жатты.
Ордабасы тауының етегіндегі Қотырбұлақ жазығына ордасын тіккен, өлкені басқарып тұрған ханның әмipi Мырзаби мырзаның халыққа көрсеткен шектен шыққан зорлығы, адамдарды мал қатарында көріп, жұмасына бip қыз,екі сойыс малымен ханның салығынан тыс, өз салығын салды.
Мұндай киянатқа көнбеген Қоңырат тайпасының басты рулары : Байлар-Жандар, Құлшығаш т.б. руларының қaзipri Ордабасы ауданының, Қараспан төбе аймағынан Қалаш стансасына шығатын Төлебай батыр жатқан жердің етегіндегі, Жібек жолы бойындағы жазық төбеде 1858 жылы көктем айының мамырында бас қосқан жиыны болады.
Жиналған жұрт алдында Мұсабек батыр Қоқан ханының әмipi Мырзабидің шектен шыққан зорлығы мен қиянатын халыққа паш етеді.
Мұсабек батыр елі үшін жанын беруге даяр екенін білдіріп тұрғанда: астында ақ боз ат, үстінде ақ жібек шапан киген қыз анамыз Қазыке : «өз тәттici өзіне бұйырмаған ей, батыр Мұсабек, ал мына қылышты колыңа»-деп, Мұсабек батырдың қолына қынапсыз жалаң қылыш ұстатады. Қылышты колына алған Мұсабек батыр жалаң жүзінен сүйіп тұрып, ел намысы үшін басын өлімге тігiп, көтеріліске шығатынын мәлімдеп, ант береді.
Елдің жақсылары жасақ жинауға келіседі. Батыр көп жасақтың керек емес екенін ескертіп, өзі қырық жігіт таңдап алып, төрт топқа бөледі. Әр топқа бip-бip ұран айттырады. Ол кезде бip ұранды бip түмен адам деп есептеген екен. Сонда 4000 жасақ болып есепке алынады. Төрт топты төрт батыр басқарады.
Мұсабек Байлар-Жандардан, Жаманқара Сары кұлшығаштан, Лепес батыр Қайдауыл құлшығаштан, Мәделі батыр қожадан. Мырзабидің 200 дей қорғаушы жасағы бар екен.
Таңғы памдат намазының алдында төрт топ, төрт жерден ұран айтып, жауға тиеді. Төрт батыр Мырзабидің ордасына шабуыл жасайды. Күн шығуға таянғанда Мұсабек батыр Мырзабидің басын кесіп, қара қасқа атты ойнақтатып шыққанын көрген, Мырзабидің қалған жасақтары батырға бас иеді.
Осылайша Қоқан ханының Қоңырат тайпасына жасаған үстемдігi бip жола құлайды.
Мұсабек батырдың Мырзабиді өлтіргенін көзімен көрген Мәделі мен Майлықожа секілді ақын-жыраулар өз жырларына оның батырлығын арқау етті.
Мәселен, атақты ақын Майлықожа өзінің «Датқалар туралы» өлеңінде :
Сар даланы шаң қылған,
Қоқаннан олжа мол қылған.
Мырзабиді өлтіріп,
Батырлығын данқ қылған.
Мұсабек батыр Жандардан – деп
Мұсабектің батырлығын өз жырына арқау eттi.
«Нақылият» Майлықожа, 268 б. Шымкент 1993 ж.
Осы оқиғаны Молда Мұса Байзақұлы да Шиелі өңіріндегі Бұдайбай ақынмен айтысында Мұсабектің батырлығын паш eттi.
Коңыратта білемісің Мұсабекті,
Солардай болар еді болсаң текті.
Өлтіріп Мырзабиді намыс үшін,
Қоқанның хандығынан алған кекті - деп жазды. Мұсабектің батырлығын Жамбыл ақын да жырға қосқан.
Халық арасында Мұсабек батырдың ерлігі жайында, Сапақ дат- қаның шешендігі мен тапқырлығы туралы әлі де көп айтылатын әңгіме баршылық.
Мұсабек батыр жиын жасаған жер, осы күні қазірге дейін «Кеңес төбе» деп аталады. Амал не сол қасиетті «Кеңес төбе» халықтың күл - қоқыс тастайтын орнына айналыпты. Жергілікті әкім бұл мәселеге көзді жұма қарап отыр. Алдағы уақытта осы жағдайға көңіл аударса- деген халық атынан тілек бар.
Мұсабек батыр,Сапақ датқа туралы 1935 жылы алғаш рет «Социал- ды шашу» жинағына қалам тартқан Тәңірберген Отарбаев деген жазушы еді. Т. Отарбаев сол үшін де халық жауы болып қудаланды.
1958 жылы Қазақ ССР тарихыныц 1-шi томында авторы академик 1
Бекмахановтың жазуы бойынша ашық айтылған.
Мұсабек-Сапақ туралы А.Тұрабаев, А.Байғұтов, Т.Әбдіковтердің авторлығымен шыққан «Алаштың Алатау батыры» атты кітапта да сөз болады.
Қаламгер Ш.Уалиханұлының «Қара атаның Тәуке ұрпақтары» Н. Сүлейменовтың «Мұсабек батыр» деген шығармаларында Мұсабек туралы анық жазылған.
Мұсабек - Сапақтың жатқан жері осы күнге дейін белгісіз болып келген. Жақында мұның сәті түciп, жатқан жерлері Сыр бойындағы «Ақын-Жақып» әулиелер жерленген қорымда екені анықталды. Бұл кісілер неге мұнда жерленген деген сұрақ тууы мүмкін. Мәселен, Абылайхан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленгені мәлім. Олай болса, ол кездегі дәстүр бойынша атақты хандар, билер, батырлар осындай әулиелі, құрметті киелі жерге жерленген. Мұсабек батыр мен Сапақ датқаныңда әулиелі жер «Ақын-Жақыпқа» жерленгеніне ешкімнің дауы болмаса керек. Сонда «Ақын - Жақып» әулиелер кімдер болғаны? Әулие басындағы шырақшының сөзіне жүгінсек; шырақшы жігіттің ата - бабалары осы «Ақын- Жақып» әулиелерге қызмет жасаған көрінеді. Ибатбек, Дүйсенбек, Өмірбек - қaзipri шырақшы жігіт Өмірбек болып келеді. Ақын әулие Аққойлы тайпасынан шыққан. Жасынан Бұқара медресесінен білім алады. Медреседегі ұстазы « Сыр бойын жағаласаң өзегің талмайды»- деп кеңес береді. Ақынның Сыр бойындағы нағашылары Құлшығаш тайпасы болған көрінеді. «Ақын-Жақып» әулиелер XVII-XVIII ғасырдың басында өмip сүргендері белгілі. Бұл әулиелердің кереметтігін өз алдына дербес әңгімелерміз.
Мұсабек батырға (1815-1882), Сапақ датқаға (1814-1903) ескерткіш – құлпытастар қойылуына демеушілік жасаған Ордабасы ауданы Бірлік ауылында тұратын дінтанушы Кемелбек Тұрсынәлі Өтебайұлы мен осы игілікті icкe жанашырлық танытып жүрген Бәйдібеков Анарбек Мәнібекұлының бастауымен, батырдың қaзipri ұрпақтары.
Ендігі сөз «Ақын-Жақып» әулиелердің қазipri жағдайы туралы болмақ. Әулиелердің жатқан қорымы Сыр бойын жағалап, Отырар ауданына кететін күре жолдың бойында. Арыстан шыққаннан Отырарға дейін жолда кінарат жок. Жол жаңадан салынып, асфальт төселген, тақтайдай тeгic. Қорым жолдан да алыс емес. Бірақ әулиелердің жатқан қорымына қарап карның ашады. Бұрынырақта қоршаған сым қоршаулардың тозығы жеткен. Жалпы қорым ары-бері өткен малдың тұяғымен аяқ асты болып тапталған. Қорымдағы қойылған құлпы тастар шашылған. Бip кезде үй ipгeciнe қалау үшiн құлпытастарды орыс ағайындар әкеткен көрінеді. Қaзip қалған азын-аулақ кұлпытастар бip жерде жинаулы жатыр. Оларда әр түрлі ескіше жазу-белгілер бар. Бұл жазу-белгілер ғалымдар тарапынан арнайы зерттеулерді қажет ететін сияқты.
Ендігі жерде, әcipece Жақып әулие жатқан қорымды қоршайтын қайырымды адам табылса нұр үстіне нұр болар еді.
Әнуарбек Шекербекұлы
Қазақстан Республикасы халық ағарту iciнiң озық қызметкері, айтыскер-ақын. Халықаралық жазушылар одағының мүшесі
Абай