Жас тілші Қанат Ислам мен Головкинді салыстыруға келмейтінін айтты
2015 ж. 30 желтоқсан
4350
21
[caption id="attachment_44092" align="aligncenter" width="604"] Қанат Ислам[/caption]
Отандық жас журналист Руслан Меделбек боксшы Қанат Исламды "Жыл адамы" деп атауға өз қарсылығын білдірді. Бұл туралы tengrinews.kz сайты жазады. Журналистің пікірін назарарыңызға ұсынамыз:
Руслан МЕДЕЛБЕК:
Қанат Ислам қандай жетістікке жетті, жыл спортшысы болатындай? Бокс әлемінде аты жөні белгісіз екі латын америкалық боксшыны жеңгені үшін бе?[caption id="attachment_44101" align="alignright" width="260"] Қанат Ислам мен Геннадий Головкин[/caption]Головкинді әлемдік басылымдар "жыл боксшысы" деп жатқанда біздің елдің сайттарында рейтинг жинау үшін ұйымдастырған сауалнамада Қанат Исламның жеңіске жетуі - халықтың әлі спорттағы жеңісті ұлттық құндылық деп есептейтінін анық көрсетеді. Мойындау да ерлік, Қанат Ислам мен Геннадий Головкиннің қазіргі атағы мен жетістігі жер мен көктей. "Қанат Ислам Қазақстанда жыл спортшысы атанып, халық таңдауында Головкинді басып озды" деп жаңалық жазып, "жыл үздігін" қолдан жасаудың орнына "барды бар, жоқты жоқ" деп объективті түрде бағалаған жөн-ау... Қанаттың өзі де түсінер, Головкиннің деңгейіне жету үшін көп еңбек ету керектігін.
Құрметті оқырман, ал, сіздер Қанаттың "Жыл адамы 2015" атануына қалай қарайсыздар?!. Атап өту керек, "Қазақ Үні" ұлттық порталының да жүргізген арнайы сауалнамасы нәтижесінде "Жыл адамы 2015" деп екі спортшы - Алмас Өтешев пен Қанат Ислам танылды.
qazaquni.kz