АСТАНА. 25 желтоқсан. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік саяси қызметшілердің өкілеттіктері ұзартылды. Бұл туралы Newtimes.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Атап айтқанда, Энергетика министрі Владимир Школьниктің, Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдинаның, Президент Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбековтің, Президент ісі басқарушысының бірінші орынбасары Дабыр Іңкәрбаевтың және Тұңғыш Президент музейінің директоры Алма Сағынғалидің өкілеттіктері 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды.
Сонымен қатар, Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің өкілеттігі 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың өкілеттігі 2020 жылғы 22 қарашаны қоса алғандағы, Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өкілеттігі 2016 жылғы 1 қыркүйекті қоса алғандағы, Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Өміртай Бітімовтің өкілеттігі 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан Дәненовтің өкілеттігі 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Newtimes.kz.
Сурет: mail.ru.
Зейнеткер мемлекеттік қызметшілердің өкілеттіктері ұзартылды
2015 ж. 27 желтоқсан
2798
0