Гена, әр жекпе-жегіңе қазақтың қасиетті қара шапанын киіп шығып жүргеніңді ұмытпа
2015 ж. 26 желтоқсан
4061
7
Осыған дейін, бірқатар мерекелер мен атаулы күндер өткенімен Геннадий Головкиннің атынан құттықтауларды оқып көрген емеспіз. Мысалы, Наурыз, Тәуелсіздік күні, Құрбан айт, Қазақ хандығының 550 жылдығы секілді мерекелерде елді құттықтаған Головкинді көрмедік. Алайда, "Бөлтірікті қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды" дегеннің кері ме, Головкин дәл осы Рождество мерекесімен барша жанкүйерлерін құттықтады. Сын айтудан аулақпыз, алайда Қазақстандық боксшы өзін өсірген елге рахметі болса алдымен 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнімен барша қазақстандықтарды құттықтауы керек еді ғой. Әрине, Геннадий әлеуметтік желілерде көп отырмайтын да шығар. Бұл оның пиар тобының қателігі де болуы мүмкін.
ГОЛОВКИН ӘР ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСИЕТТІ ШАПАНЫН КИІП ШЫҒЫП ЖҮРГЕНІН ЕШ ҰМЫТПАУЫ КЕРЕК!!!
[caption id="" align="aligncenter" width="600"] Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы - Жанар Утешева және боксшы Геннадий Головкин. Фото: kursiv.kz[/caption]Еске сала кетейік, Головкиннің бас пиар менеджері Жанар Утешева - Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарады. Бәлкім, мемлекеттік қызметтен қолы босамағасын осы олқылыққа жол берген шығар?!. Алайда, "Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді" деген қазақтың нақылы осы тақырыпқа жақсы түйін болатын секілді.
qazaquni.kz