Мемлекет жайын, халық жағдайын ойлайтын басшылар мұздан қалашық соқпайды, кірпіштен үй соғады...
Әлде олар мұздың еріп су боп ағып кететінін білмей ме, "пампезный өмірдің" соңынан қуып жүргенде өздерінің милары су боп ағып кеткен бе...
Ал бір бөлмелі тоқал тамға зар боп жүрген қазақ қаншама...
Осы мұзқалашыққа кеткен қаржыны бизнеспен айналысқысы келетін бес адамға берсе - жиырма бес адамға жұмыс орнын ашып берер еді... Жиырма бес адамның арқасында жүз адам тоқ болар еді...
Бөбектердің таңғы асына табылмаған ақша, мұзқалашыққа табылады... Балаларға мұзқалашық емес, тамақ керек, киім керек...
Балалардың таңғы асына бөлінетін қаржы қысқарғанда, мұзқалашық салатын қаржыны да қысқартуға болмас па еді?
Cәуле Әбілдаханқызы
Facebook-тегі парақшасынан
БАЛАҒА МҰЗҚАЛАШЫҚ ЕМЕС, ТАМАҚ КЕРЕК!
2015 ж. 23 желтоқсан
2325
6