Қайрат Сатыбалды “Нұр Отанның” хатшысы қызметінен кетті
2015 ж. 21 желтоқсан
7733
3
21 желтоқсан
Нұрсұлтан Назарбаевтың 45 жастағы немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы президенттік «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметінен «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» босатылған.
Бұл туралы ақпарат партияның веб-сайтында жарияланды. «Нұр Отан» партиясының хатшылығына Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып істеген Наталья Годунова сайланған. «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметін соңғы алты жыл бойы атқарған Қайрат Сатыбалдыұлы саяси мансабын Астана қаласы әкімінің орынбасары болып бастаған еді. Кейін ол Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінде, «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясында және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында басшы қызметтер атқарған.Дереккөз: Азаттық