Папасының баласы: Жақсыбеков өз ұлын өз банкіне директорлар кеңесінің төрағасы етіп тағайындады
2015 ж. 20 желтоқсан
4021
0
“Цеснабанк” АҚ директорлар кеңесінің жаңа басшысы сайланды. Бұл туралы forbes.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
[caption id="" align="alignleft" width="299"] Жақсыбеков жемпір мен шұлық сатып алуда. Фото: Оразбек Махмутов, Астана әкімінің баспасөз қызметі[/caption]Директорлар кеңесінің төрағасы болып Жақсыбек Дәурен Әділбекұлы тағайындалды. Ол қызметіне 2015 жылдың 14-ші желтоқсанынан бастап кіріскен.
Дәурен Жақсыбек 2000 жылы АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы American University-ді “халықаралық қаржы және маркетинг” мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы New York University-ді “несиелік сарапшы” мамандығы бойынша тәмәмдап, Қазақстан заң университетінен заңгер мамандығы бойынша білім алған.
Дәурен Әділбекұлы “Цесна” корпорациясының үлесіне иелік етеді. Сондай-ақ ол Астанадағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің төрағасы. Дәурен Жақсыбек Қазақстандағы үздік кәсіпкерлердің рейтингісінде 12-ші орыннан көрінген.
[caption id="" align="aligncenter" width="719"] Дастарханда отырған - Дәурен Жақсыбеков. Фото: forbes.kz[/caption]“Цесна” қаржылық холдингінің” жалғыз акционері – “Цесна” корпорациясы. Оның 70 пайызы Әділбек Жақсыбековке тиесілі болса, қалған 30 пайызына Жақсыбековтің ұлы Дәурен, інісі Серік Рыскелдіұлы, әкелі-балалы Мещеряковтар және Нұржан Тұрғымбаев иелік етеді.
Дереккөз: NUR.KZ