Facebook желісін қолданушы Айдар Қырықбай есімді азамат Жанар Дұғаловаға берілген марапатқа әнші лайықты емес деп есептейді. Бұл туралы stan.kz интернет-басылымы жазады. Өз ойын түсіндіре кеткен желі қолданушысы мұны мәдениет министрлігінің әділетсіз шешімі деп түсінетінін де жасырмаған.
Ол "Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер" атағына лайықты деп, бірнеше жылдан бері сахнада жүрген біраз әншілердің тізімін жасаған.
“Мен олай ойламаймын, Жанар лайықты. Керемет әнші”, – деді Алтай Бақтымбетов есімді желі қолданушысы.
“Айеке, қадір-қасиеті қалмаған атақтар ғой, жүйкені тауысып не қыламыз”, – деген Олжас Беркінбаев есімді азамат.
Желі қолданушылары Жанар Дұғалованы "Қазақстанға еңбегі сіңді" және "ондай марапатқа лайық емес" дейтіндер болып екіге бөлінді. Кей азаматтар әншіні киіміне емес, даусына қарап құрметтеуді сұрады. Көпшілік Жанар Дұғалованың “Тurkvizyon-2014” байқауында алған жеңісі үшін құрметтейтіндерін жасырмады.
Дереккөз:
NUR.KZ