Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің «Жыл адамы 2015» сыйлығымен марапатталды. Қазақсан Президентіне аталмыш марапатты «Халықаралық қатынастар» номинациясы бойынша тапсырған. Бұл туралы Абай поралы nur.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Марапаттау рәсімі Ресей астанасында орналасқан Христос құтқарушы (Христа Спасителя) шіркеуінің Сергиевскі залында өткен.Сондай-ақ, аталмыш марапатты Ресей Федерайиясының Ұлттық биологиялық институты мен экономикалық стратегиялар институты тағайындаған.Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің көреген саясаты мен әлемдік саяси аренадағы беделі және Еуразиялық экономикалық одақты нығайтудағы еңбегі үшін марапатталып отыр.Естеріңізге сала кетейік, Президент Назарбаев осыған дейін бұл атақты 2012 және 2014 жылдары жеңіп алған болатын.Айта кетейік, биылғы жылғы «Жыл адамы 2015» жобасының лауреаттары қатарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан өзге, Ресей Президенті Владимир Путин, Белорусия Президенті Александр Лукашенко, ҚХР төрағасы Си Цзинпин, Куба Республикасы Министрлер кеңесі мен мемлекеттік кеңестің төрағасы Рауль Кастро, Татарстанның бірінші Президенті Минтимир Шаймиев, Мәскеудің және бүкіл Ресейдің патриархы Кирилл, академик Лео Бокерия, кинорежиссер Никита Михалков және басқалар болған.
Бұл биылдыққа Владимир Путин басқаратын мемлекеттің Қазақстан Президенті көрсетіп отырған алғашқы құрметі емес.Мысалы, биылғы жылдың сәуірінде РФ Бас прокуроры Юрий Чайка мырза Президент Назарбаевқа құрмет орденін таққан.Ал шілде айында Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президентіне Ресейдің ең жоғарғы Александр Невский атындағы орденін тапсырған.Сонымен қатар Президент Назарбаев Ресей Федерациясы аумағындағы бірнеше жоғарғы оқу орындарының құрметті профессоры атанып та үлгерген.Бұның сыртында Ресейдің бірнеше федералды облыстарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есіміне берілген көшелер мен саябақтар және ескерткіш мүсіндері де бар.
Нұреглді Әбдіғаниұлы