Машкевич Қазақстанда тапқан миллиардтардың қызығын шетелде көруде
2015 ж. 03 желтоқсан
2471
0
Қазақстандық миллиардер, Қырғызстан тумасы, Голощекиннің жиені Александр Машкевичке тиесілі, жақында ғана құрылысы аяқталған Леди Лара мегаяхтасы үлкендігі жағынан әлем бойынша 51 орында тұр және оның құны 150 млн еуро деп жазады Daily Mail.
2015 жылдың шілдесінде яхта алғашқы рейсін жасау үшін Голландия мен Ұлыбританияға аттанды.
Леди Лараны Ларсен Яхтс (Lürssen Yachts ) компаниясы салған. Бортында VIP-үй-жайлары, үлкен жасанды жағажай, жаттығу залы, джакузи, бассейн, тіпті тікұшақ алаңы да бар. Яхта Машкевичтің әйелі Лариса Васильевна Машкевичтің құрметіне қойылған деп болжануда.
Александр Машкевич – тағы бір Lady Lara яхтасының қожайыны. Оның құны – $35 млн. Александр Машкевич Eurasian Natural Resouroes Corporation тау-металлургия империясын иелік етеді. Өндіріс негізінен Қазақстанда жұмыс жасайды.
Қазақстанда қырып ақша тапқан олигарх барлық ақшасы мен активтерін шетел асырып, қызығын сол жақта көреді демеске лаж жоқ. Бір яхтаның 10 пайызына ғана елімізде балабақша мен мектеп салуға болар еді. Алайда, қазаққа жаны ашымайтын Машкевичке қазақ елінің болашағы көк тиынға татымайды. Осы елдің төл перзенттерін жұмыс істетіп, осы елдің жерін пайдаланып, қыруар қаржы тауып жүрген миллиардер сол яхтасын Каспий теңізінде пайдаланса ше? Каспийде Дубайдағы демалыс орындарынан кем түспейтін орталық салғызып, сол жердегі халыққа пайдасын тигізсе қалай болар еді? Голощекиннің жиені қазақ жеріндегі тапқан ақшасын қазаққа тигізе ме? Әрине, жоқ! Онда неге олигарх Қазақстанда шаруасын домалатып, елде тапқан ақшасын шетел асырып, қызығын сонда көру керек? Жуырда Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауы аясында байлардың халық алдында есеп беретін кезі келгенін айтып өткен еді. Машкевич сол тізімге ілігер ме екен?!.
qazaquni.kz