Оңтүстік Қазақстан облысында жас жұбайлар шаңырақ көтеру тойы күні көпшілікті таң қалдырды.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы жас жұбайлар шаңырақ көтеру тойы күні көпшілікті таң қалдырды. Күйеу жігіт Мейірман Сауранбек пен қалыңдық Сәния бұл күні өзгелерге қуаныш сыйлауды жөн көріпті. Яғни, жас жұбайлар өзгелер секілді қымбат көлік жалдап, той кортежімен көшені аралаудан гөрі балалар үйіне барып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған тәрбиеленушілерге дастархан жаюды жөн көрген. Тіпті күйеу жігіт бүлдіршіндерге жеңгелерін көрсетіп, сәлем салдырды. Айта кетейік, отағасы атанып отырған Мейірман Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бизнес тренері. Оның жары Сәния Шымкенттегі жоғары оқу орындарының бірінде қызмет етеді. Дүбірлі той бүгін күйеу жігіттің туған жері Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылында өтеді. Тойға 350-ден астам қонақ шақырылған.
Дереккөз:
rgmedia.kz