Қазақстан халықаралық аренаға қалай шықты: Назарбаевтың БҰҰ-ға жазған хаттары жарияланды
2015 ж. 28 қараша
4427
9
Иллюстрация © Тengrinews.kz
Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай Сыртқы істер министрлігі Twitter желісіне 1991 жылы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған құжаттарды жариялады. СІМ бұл хаттарды Президенттің және Қазақстанның халықаралық аренаға шығудағы алғашқы қадамдары деп ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл жердегі әңгіме екі құжат жайында - Қазақстан Республикасын БҰҰ мүшелігіне қабылдау жөнінде өтініш, оны Мемлекет басшысы 1991 жылы 31 желтоқсанда БҰҰ Бас хатшысы Куэльярға жолдаған және Қазақстан Республикасының БҰҰ Жарғысында көрсетілген міндеттемелерді қабылдауы жөнінде Декларация.
СІМ мәліметінше, бұл құжаттар Қазақстанның халықаралық қауымдастықтың толық құқылы мүшесі ретінде әлемдік саяси аренадағы қатысына негіз болды.