Тәуелсіздік күніне дейін Жаңа жылға дайындық шараларын бастамау ұсынылды

 
7 ноября

Тәуелсіздік күні өткенше Жаңа жыл мерекесіне дайындық шаралары басталмауы керек. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесі жергілікті атқарушы органдарға осындай бастамамен ұсыным-хат жолдамақ.

партия окили Бұл туралы бүгін партияның Баспасөз орталығының ашылуы кезінде айтылды. Журналистердің сауалына жауап бере келе партия төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі Берік Уәли жоғарыда аталған мәселеге қатысты партия жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесі тарапынан өңірлерге ұсыным-хат жолдануы қарастырылғанын мәлімдеді. «Ең қастерлі мерекеміз – Тәуелсіздік күні мерекесі аталып өтетін 16 желтоқсан өткенше Жаңа жылға дайындықты бастамау мәселесі қоғамда талай жылдан бері талқыланып келеді. Соңғы бірнеше жылда Оңтүстік Қазақстан облысы осындай бастама көтеріп, ол басқа өңірлерде де қолдау тапты. Осы орайда біз бұл мәселеге «Мирас» қоғамдық кеңесі арқылы ықпал етуді жөн көріп отырмыз. Кеңеске елімізге танымал зиялы қауым өкілдері мүше екенін білесіздер. Бүгінде «Мирас» қоғамдық кеңесінің атынан кеңес мүшелерінің қолы қойылған хат әзірленуде. Алдағы уақытта оны өңірлердің ішкі саясат басқармаларына жолдауды қарастырып жатырмыз», — деді Берік Уәли. Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 6 қараша күні «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Баспасөз орталығы ашылды. Орталықтағы алғашқы брифингте партия төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі Берік Уәли мен партия орталық аппаратының басшысы Жанат Қожахметов сөз алып, соңғы екі айда партияда атқарылған жұмыстар жайлы хабарлады. Бекітілген кестеге сәйкес мұнда апта сайын брифингтер өткізіліп, орталық аппараттың департамент басшылары, фракция депутаттары, филиал төрағаларының бірінші орынбасарлары, мәслихат хатшылары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп беретін болады. Дереккөз: baq.kz