АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы “Әзірет Сұлтан” мешітін аралады (фото)
2015 ж. 03 қараша
2373
1
Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қазақстанға сапармен келген болатын. Іс-сапар барысында Джон Керри Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайы ат басын бұрды, - деп жазды muslim.kz.
Мұхиттың арғы жағынан келіп отырған қонақты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз күтіп алып, қасиетті құлшылық ордасының атынан арнайы сыйлық табыстады.
Айта кетейік, АҚШ хатшысы елімізге Орталық Азияның 5 мемлекетіне сапары аясында келіп отыр. Бұған дейін ол Қырғызстан мен Өзбекстанда болып, өңірдегі өзекті мәселелер бойынша өткен келіссөздерге қатысқан болатын.
Дереккөз: NUR.KZ