Назарбаев елімізге көрсеткен қолдауы үшін АҚШ-қа алғыс білдірді
2015 ж. 02 қараша
2819
24
2 қараша
Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен АҚШ ядролық қарусыздану және таратпау мәселесі бойынша да ынтымақтасып отырғанын айтты. Осыған байланысты Обаманың бұл бағыттағы бастамаларына мемлекет басшысы қолдау білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обаманың Нью-Йоркте өткен ядролық қаруды таратпау, қарулы экстремизмге қарсы іс-қимыл, Ауғанстандағы жағдай және ТГИЛ топтарына қарсы күрес мәселелері талқыланған келіссөздерінің қорытындысын АҚШ мемлекеттік хатшысы жоғары бағалайтынын атап өтті.
Сонымен қатар Дж.Керри Қазақстан мен АҚШ-тың тығыз серіктестігі Бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру ісіне елеулі ықпал ететініне сенім білдірді.
«АҚШ расында да Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі болып саналады. Бүгін мен Америка сауда палатасының Қазақстандағы өкілдерімен кездестім. Олар өздерінің Сіздің елде қол жеткізген табысына қанағаттанатындарын білдірді», – деді АҚШ мемлекеттік хатшысы.
Дереккөз: 24.kz
