Мысыр жерінде апатқа ұшыраған ресейлік ұшақтың суреттері жарияланды

Желіде Мысыр жерінде апатқа ұшыраған ресейлік ұшақтың суреттері пайда болды. Ұшақ елсіз жерге құлағандықтан, фотосуреттер кешірек жарияланған.

самол3 Ресей федерациясы ТЖМ шұғыл штабының өкілі Санкт-Петербургте өткен брифингте Синай жарты аралындағы ресейлік ұшақ апаты салдарынан барлығы 224 адам, оның ішінде 25 бала қаза тапты, деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. «Әуе апатында жиырма бес бала мерт болды», деді штаб өкілі. 0439e079038f726238e1e07f25d97399__660x Сондай-ақ rt.com Желіде Мысырдағы «Когалымавиа» ұшағының апатқа ұшыраған жер түсірілген видео жарияланғанын хабарлады. 88dcdf2aba95510fba79a57847a7627e__660x Ұшақ бортында болған 217 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі апаттан соң тіл тартпай кетті. Аман қалған жолаушылар жоқ. самол6 Еске сала кетейік, 31 қазан күні Шарм-әл-Шейх – Санкт-Петербург бағытындағы 9268 рейс апатқа ұшыраған болатын. 2866d7313a2f58c75f2b77e411773fbb__660x