Назарбаев елдің үмітін ақтағаны үшін Головкинге алғыс айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге оның бокстан WBA, IBO, IBF және WBC interim тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектегі жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

назарбаев головкин

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Елбасы жеделхатта Головкиннің өзіне сенім артқан қазақстандықтардың үмітін ақтағанын атап өткен.

«Атақты қарсыласпен өткен әділ әрі ымырасыз жекпе-жекте жоғары спорттық шеберлігің мен жігерлі мінезіңді көрсету арқылы сен өз Отаның – Қазақстан Республикасын лайықты таныта білдің. Сенің жарқын жетістіктерің біздің спортшыларымыз үшін жақсы үлгі болатынына және еліміздегі бокстың одан әрі дамуын ынталандыратынына сенімдімін», – делінген құттықтауда.

Қазақстан президенті сондай-ақ Геннадий Головкинге мықты денсаулық және жаңа спорт биіктерін бағындыру жолында табыс тіледі.