(28 қыркүйекте БҰҰ-ның Нью-Йорктегі 70-ші мерейтойлық сессиясында баяндама жасаған Елбасымыз Нұсұлтан Назарбаев бастан-аяқ тек қазақша сөйледі.)
Айтар бүгін бар жаһанға сауыным,
Ақ түйенің қарны жарылды қауымым
Алапатын асырып алашымның мінберде
Ар жағына мұхиттың қазақ тілі мінгенде
Адамзаттың шешілердей дауы мың.
Ау, адамдар, өзен шіркін таза ақса,
Алаш біткен сөйлеп те кетсе қазақша,
Арман еді осы ойлар меңдеген,
(Азаттықты аңсамаған кемде-кем)
Асып бір төксе тілге арналған бау-бақша.
Ақылмандар аз ба бізде, мінкен ер,
Асқақ сөзді айтады әсте үлкендер.
Арық ойлы қара орыстар «қартаяр»,
Ал алаштың арда ұлы марқаяр
Ашылып жатса адами осы бір кендер.
Алты тіл еді БҰҰ-да өзі құрылған,
Ағылшын тілі, қытайдың тілі бұрыннан.
Арабтың тілі, әзелден бетер орысша,
Айғайлап келер жетінші болып сол ұқса -
Алаштың тілін көрерсің гөзел жырымнан.
Алақай дедік аспанға бөрік лақтырып,
Ана тілімізге осылай қанат қақтырып.
Ата-Түрік те ардақтап асыл дәстүрін
Аялаған ежелгі тәртіп-тәпсірін,
Арайлы таңын туған тілінің аттырып.
...Ана тілім-ай, аумағы зорды үйірші,
Алашым сөйтіп Ақорда келіп жиылшы.
Ақ сүтімдейсің анамның төсі саулаған,
Ақ пейіліңмен қалың елімді баураған,
Ақеділ болып ақтың ғой енді, Сүйінші!
Бақытжан Тобаяқ, Астана
Abai kz
СЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕДІҢ... АЛТЫН АҒАМ...
2015 ж. 01 қазан
6347
37
Менен кейінгі басшылар да солай қазақша сөйлейді деп сенемін!
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
***
Сен қазақша сөйледің, ер Нұрекем,
Тәуекелге байлап бір белді бекем.
Қазақ бірге шалқиды сен шалқысаң,
Қазақ бірге жүдейді сен жүдесең!
Сен қазақша сөйледің, алтын Ағам,
Ақ маңдайың күн ұқсап жарқыраған.
Бересіңді әлемнен алам дедің,
Бермесіңді ақылмен тартып алам.
Сен қазақша сөйледің шын көсіліп,
Сайрап кетті өзіңмен бірге осы жұрт.
Ана тілдің жетпесек қадіріне,
Қазақ болып қайтеміз күн кешіріп!
Тайпалдың-ау топ жарып, Тарланбозым,
Жалпағынан басып бір жалғанды өзің!
Аршып бердің әлемнің алдында сен,
Ана тілдің құм басып қалған көзін!
Домбыраңның құлағын еппен бұрап,
Сыңғырындай сөйледің сексен бұлақ.
Бір елеңдеп шынымен қалды-ау талай,
Өзге тілге үйреніп кеткен құлақ!
Жан Нұрекем, жүрегі от, көзі нұрлы,
Дүниеге естірттің өз үніңді.
Қазақ Елін Жер шары нақ таныды,
Қазақ Елін бес құрлық тез ұғынды.
Бірде сараң уақыт, бірде шүлен,
Адастырды бабамның жүлгесінен.
Қазақ тілі алды орнын сен арқылы,
Дүниенің ең биік мінбесінен!
Алсын халық бұл күнді жылда есіне,
Тіксін тұлпар бәйгенің жүлдесіне!
Қазақ тілін шегелеп кеттің мәңгі,
Дүниенің ең үстем мінбесіне!
Өсектердің өшті үні жел құсаған,
Дендеп келген айықтық шер-құсадан!
Бір кінәсі осы еді артып жүрген,
Өкпесі жоқ қазақтың енді саған!
Ауыт Мұқибек
01.10.2015
Астана
qazaquni.kz