Қостанайда қаланың бұрынғы әкімі ұсталды
2015 ж. 09 қыркүйек
1721
0
8 қыркүйек күні сағат 17:05-те сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ҚР ҚК 307-бабы 4-тармағы бойынша, яғни лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжановты ұстады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
8 қыркүйек күні Қостанайдың экс-басшысы Ахметбек Ахметжанов үйінде ұсталды.
«Бүгін Қостанай қаласының №2 сотына бұрынғы әкімнің 307-бап 4-тармағында қарастырылған қылмысты жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ертең оған қатысты бұлтартпау шарасы шешіледі», – деп мәлім етті Қостанай №2 соты оқу секторының жетекші маманы Гүлзада Жармұхамедова.
Естеріңізге салып өтсек, кеше 8 қыркүйекте Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовтың өкімімен Ахметбек Ахметжанов қызметінен босатылған еді. Қаланың бұрынғы әкімі лауазымын асыра пайдаланды деп айыпталуда.
Тамыз айында Қостанай әкімінің екі бірдей орынбасары – Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян қамауға алынған болатын.
Дереккөз: BNews. Бизнес сейчас