ҒАРЫШТАН ШОШЫМАҒАН ҒАРЫШКЕР ШОҚЫНУДАН... ШОШЫП КЕТТІ!..
2015 ж. 03 қыркүйек
5204
3
Қазір ғаламторда ғарышқа ұшқан үшінші қазақ Айдын Айымбетовтың шоқыну суына тап болғанын таласа жазуда... Шынында да... ділін де, дінін де бөлек ете жаздаған (тілі туралы айта алмаймыз...) шоқынудан шошудың да... шок болудың да жөні бар... Бірақ біз Қазақстанның үшінші ғарышкері - Тәуелсіз Қазақстанның бірінші ғарышкері Айдын Айымбетовтың ғаламторды аралап кеткен суретінен оның тосын... күтпеген рәсімнен... яғни... шоқынудан... шошып кеткен суретіне куә болдық... Оны ғарышқа қасиетті Құран алып ұшқан оның бетіне су шашудан шошып кетіп... көзін тарс жұмып алғанынан-ақ байқауға болады...
Бұл мемлекеттік һәм ұлттық мәселеде Абай.кз бастаған сайттар дұрыс айтады, бұл жерде Қазақстанның діни басқармасы өкілдері неге көрінбейді?!.
Ақ шаңқан сәлдесі ақ сәуле шашып, ақ батасы ғарышқа бастап, ақ сақалды бас мүфти тұрса, Алаш ұланы Айдын Айымбетовке айбар болып, қорғаныш болар еді ғой...
Абай.кз порталына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы баспасөз қызметінен түскен арнайы мәлімдеде: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына және ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қазақтан шыққан үшінші ғарышкер – Айдын Айымбетовты ғарышқа ұшыру рәсіміне ұйымдастырушылар тарапынан шақырту келмеді. Діни рәсімдер орындалатыны жайында хабар жеткізілмеді» - делінген.
Сондай-ақ, ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы: «Тарихи шараға Бас мүфти бастап, имамдар дұға-тілектерін жаудырып, батасын беріп жатса, жарасып-ақ кетер еді деп ойлаймын. Өйткені, имамдар қоғамдық іс-шараларға атсалысып, игі бастамаларда белсенділік танытып келеді», – деді.
Ал бұны неге біздің ресми орындар ойламаған?..
Кеше ғана Байқоңырдан қазақ мектептерін арашалап алдық деп, бөркімізді аспанға лақтырып жатыр едік...
Ғарышқа бірінші рет ұшып жатқан қазақ емес едік ғой...
Қазыбек ИСА.
qazaquni.kz
дереккөз: gu-gu.kz