Халық Банкінің басшысы Қазақстан экономикасы Ресей экономикасын қаржыландырып отырғанын мәлімдеді
2015 ж. 03 қыркүйек
3024
1
Ресей рублінің күрт құнсыздануы жағдайындағы теңге бағамын ұстап тұру тек 2014 жылы ғана Ресейге 11 миллиард теңгенің жылыстауына әкеліп соқтырды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Халық банкінің басшысы Үміт Шаяхметова мәлімдеді.
“Біздің теңге күшті болса (рубльмен салыстырғанда қайта бағаланған) өніміміз бәсекеге қабілетсіз болып қалады. Тек өткен жылы ғана 11 миллиард доллар шамасындағы капиталдың жылыстауы орын алды. Осы жыл бойынша біз әзірге цифрларды көріп отырған жоқпыз. Бірақ бұл сан көптеу болады деп болжап отырмыз”, — деді ол бейсенбіде Алматыда өткен баспасөз маслихатындда.
Осылайша, Халық банк басшысының айтуынша, “біздің экономика Ресей экономикасын қаржыландырып отыр”.
“Егер де алтын валюта резервтері теңге бағамын ұстап тұруға жұмсалған болса, онда олар Ресей экономикасын қолдауға кетті. Ол дұрыс емес шығар”, — деп атап өтті банкир.