Б. Сапарбаев: Қазақ қыздарының төбелесiп, асылып өлгенiн қашан көрiп едiк?!
2015 ж. 25 тамыз
2714
1
Астанада өтiп жатқан бiлiм беру жүйесi қызметкерлерiнiң республикалық тамыз конференциясында сөз алған премьер-министрдiң орынбасары Бердiбек Сапарбаев «қазiр бала тәрбиесiне бiлек сыбана кiрiспесек, ертең елдiгiмiзден айырыламыз», – деп батыра айтты.
“Баланың дамуына мүмкiндiк берiп, қызықты үйiрмелерiне бару үшiн қосымша бiлiм беру бағдарламасын дамыту керек. Қазiр елiмiзде қосымша бiлiм беру жүйесiне оқушылардың 25 пайызы ғана тартылған. Кейбiр облыстарда, мысалы Алматы облысында оқушылардың 10 пайызы, Оңтүстiк Қазақстан облысында оқушылардың 14 пайызы, Атырау облысында оқушылардың 16 пайызы ғана қосымша бiлiм, тәрбие беру жүйесiне тартылған. Сосын келiп, суицид, зорлық-зомбылық болды деймiз”, – дейді премьр-министрдің орынбасары.
Сапарбаев қазіргі кездегі қазақ қыздарының төблесіп, жаға жыртысып жатқаны отбасындағы тәрбиенің жоқтығы екен қадап айтты.
“Егер балаларымызды сабақ бiткеннен кейiн қосымша тәрбие, бiлiм беруге тартпасақ, бұл жалғаса бередi. Егер баланың басқа тиiмсiз iстермен айналысуына уақыты қалмаса, осындай жағдайлар болмайтын едi. Қазақ қыздарының төбелескенiн, қазақ қыздарының асылып өлiп жатқанын қашан көрiп едiк?! Бұл – соңғы уақытта тәрбиенiң нашарлап кеткенiн көрсетедi”, – деді ол.
Сондай-ақ премьер-министрдiң орынбасары бала тәрбиесiне қатысты бiрiккен жұмыс атқарылып жатпағанын да атап өтті.
“Әрине, баланың тәрбиесiне ең бiрiншiден жауапты кiсi – ата-анасы мен отбасы. Бiрақ, бала тәрбиесiне көңiл бөлетiн мемлекеттiк ұйымдар бар және сол үшiн мемлекеттен ақша алып отыр. Менiң ойымша, бұл бағытта бiзде бiрiккен жұмыс жоқ. Егер осындай мәселе бойынша iшкi iстер органдарынан басқа, бiлiм беретiн ұйымдар, қоғамдық ұйымдар бiрге жұмыс iстесе, жағдай өзгерiп, жаңағы қайғылы жағдайлар болмайтын едi”, – дейді Сапарбаев.
Сөзін түйіндей келе Бердік Сапарбаев, “Мәңгiлiк ел” болуымыз, болашағымыз тек тәрбие мен ұлттық дәстүрiмiзге байланысты екен, егер бұлардан айырылып қалсақ, ел болмайтынымызды баса айтты.