“...Аулдағы атамыз 100 жылға толды. Ұстаз, мектептін директоры болған. Поздравляем со 100 летним юбилеем аташку, учителя сельской школы...”
Бұл – қазақтың қазіргі Білім министрі Аслан САРАНЖІПОВтің диктанты. Кім, қандай баға қояр еді?.. Менің бағам – 2.
Жәй ғана екілік емес, бет-ауызын май басқан семіз екілік. Қазақтың баласы Аслан 8 сөзден 3 қате жіберді.
Аслан Саранжіпов қатардағы қарапайым қазақтың баласы емес, ол - елдің Білім министрі. Мемлекет басшысы сеніп-сұрағанда: “Білімім мықты, қазақшам қатып тұр, бұл қызметті қатырып атқарамын” – деп сендіріп, ант берген адам.
Алдады. Өтірік айтты. Бәрімізді, бүкіл елді, елдің басшысын алдады.
Алдағаны, жалған сөйлегені – 8-ақ сөзден көрініп тұр!..
Ал, біз Білім министріміз мемлекеттік тілді білмейтін елде - мемлекеттік тілді дамытамыз деп, бос тыраштанып жүрміз...
Жердің бетінде елдің Білім министрі – сол елдің мемлекеттік тілін білмейтін Қазақстаннан басқа ел бар ма?!.
Досқа күлкі, дұшпанға таба болдық...
Қажымұқан ҒАБДОЛЛА
qazaquni.kz