Теңге құлдырағаннан кейін бірінші күн: Банктер қандай баға қойған?
2015 ж. 21 тамыз
2924
12
Доллар бағамы 259-ға жетіп, нарықтағы валюта сатылымындағы кешегі әбігерліктен кейін бүгін банктер АҚШ долларының бағасын біршама түсірді. 21 тамызда доллар сатылымы 253-255 аралығында, - деп хабарлайды NUR.KZ.
Доллардың ең үлкен бағасы Альфа-Банкте – 255 теңге. Ал ең азы Qazaq Banki-де – 253,9 теңге. Долларды сатып алудың ең тиімдісі бірден бірнеше банктерде байқалды. Олар 1 доллар үшін 251 теңге беруге дайын. Ал ең тиімсізі Альфа-Банкте. Банк 1 доллар үшін 253 теңге беруде.
Сондай-ақ, Ұлттық банктің сайтында доллар құны 255,26 теңгеге бағалануда.
Рубльді ең арзан баға – 3,5 теңгеге Евразия банкінен сатып алуға болады. Ал сату үшін Банк ЦентрКредитке баруға болады. Ол жерде сату бағасы – 4,05 теңге.
Сонымен бірге атап өтсек, жекеменшік айырбастау нүктелері тиімдірек бағамдарды ұсынуда. Мәселен долларды сатып алу көбінде 249 теңге сату – 251 теңге.
сондай-ақ, рубльмен де тиімді бағада жұмыс істеуде. Ресей валютасын 3,4 теңге сатып, 3,78 теңгеге сатып алуға болады