БІЛІМ министрлігіндегі ЖҮГЕНСІЗДІК

 

125 балл жинаған 432 үздік  талапкер, “Алтын белгі” иегерлері мен Халықаралық  олимпиада мен түрлі шығармашылық байқаулардың  жеңімпаздары грантқа іліге алмауына министр Саранжіпов не деп жауап береді? Министрлігіндегі  “бардакқа” бас шұлғумен басы салбырап  отыра бере ме?

    nurotan-news-1384938278 Түсініксіз дүние…. Басқа-басқа, енді болашақтың баяны мен кепілі болатын жастарға білім беруде де бей-берекет бағыт, берекесіз қойыртпақ орын алды… Министр лауазымына келгенше бір адам танымаған Аслан Саранжіпов әлі күнге дейін ісінің етек-жеңін жия алмай жатыр. Еліміздегі «Алтын белгінің» 39 иегері, халықаралық олимпиадалардың 8 жеңімпазы да, халықаралық ғылыми жарыстардың 92 жүлдегері және түрлі шығармашылық және спорт жарыстарының 293 жеңімпазы мемлекеттік грантқа іліге алмай, далада қалды. Айтар ауызға да, естір құлаққа да ұят!.. Баяғы аңқылдақ қазақ мұны қабылдау комиссияларының сапасыз қызметінен көріп, қашанғысындай жеңіл-желпі жауып қойғысы келеді… Меніңше, бұл масқара жағдай, біріншіден – қазақ жұртындағы қазіргі білім мен ғылым құрылымдарының тұтас күйрегендігін көрсетеді. Бұл сөзіме екінші дәлелім – орыс тілі бөлімінің түлектері 59 баллмен ғана мемлекеттік грантты еншілеп, қуаныштары қойындарына сыймаса; қазақ тілінде бірыңғай тест тапсырған aslan 2  39 altyn... біздің қаракөздеріміздің бақандай 80 балл жинаса да, грантқа іліге алмай қалды. Ал, тіпті жоғарыда айтқан 125 балл жинаған 432 үздік  талапкер, “Алтын белгі” иегерлері мен Халықаралық  олимпиада мен түрлі шығармашылық байқаулардың  жеңімпаздары грантқа іліге алмай жігерлері құм болуына министр Саранжіпов не деп жауап береді? “Министрлігімде не болып жатқанын өзім де білмеймін”-деп, бей-берекет, “бардакқа” бас шұлғып қойып,  басы салбырап  отыра бере ме? Бұл қандай әділетсіздік?!. Министр Аслан Саранжіпов мемлекеттік тілі екінші сортқа айналған: «Бұл ел Қазақстан ба, әлде, Ресей ме?» – деген сұраққа жауап берсінші!.. Үшінші дәлел – білім беру гранттарын үлестіру жағ­дай­ына түсінік берген Саранжіповтің «шабармандары» «Ал­тын белгі» иегерлері мен олимпиада жеңімпаздарының эко­но­микалық немесе заңгерлік секілді сұранысқа ие мәр­те­белі мамандықтарды таңдайтындығын көлденең тартты. Сонда 11 жыл озат оқып, үздік шыққан мәртебелі оқушы неге мәртебесіз мамандықты таңдауы керек?.. Жалпы, мамандық таңдау – әрбір адамның жеке басының ісі жә­не тағдырының баспалдағы емес пе? Әлде, әркімнің бо­ла­шақ тағдырының бағытын Саранжіпов пен оның «шабар­мандары» белгілеп бере ме?.. Атамыз қазақ: «Күлше­лі бала – сүймелі» дейді, яғни 11 жыл жақсы оқыған баланың өз жүрегі қалаған мамандықты алуға толық құқы бар және мемлекет үлгілі ұланның бұл «еркелігін» көтеруге тиіс. Төртінші дәлел – Саранжіпов жыл сайын жоғарғы оқу орындарының басшыларына өтініш жасап, ректорлық гранттарға жылу жинайды екен. Бұл не бейшаралық? Ең алдымен, үлгілі талапкер мемлекеттік грантпен ғана толыққанды білім алуы керек. Екіншіден, ректорлық грант тегін оқытып, жатақхана бөлгенімен, шәкіртақы (стипендия) бермейді. Ол-ол ма, ректорлық гранттың келісімшарт­ын кезкелген уақытта бұзуға болады. Бесінші дәлел – Аслан Бәкенұлы Саранжіпов басқаруға тырысқан Білім министрлігі Қазақ хандығы туралы компьютерлік ойын жасауға 72 млн теңге бөлгенше, сол соманың небәрі 32 млн теңгесін көздері жәудіреген «Алтын белгінің» 39 иегеріне берсе, қазақша айтқанда, қой да аман, қасқыр та тоқ болар еді… …Біз бажайлаған бес дәлел – қазақтың Білім және ғылым министрлігінің, жұмсартып жеткізгенде, жүгенсіздіктің жампозына айналғандығына көрсетеді. …Жүрегі ақ, пейілі пәк арман қуған жайсаң жастары­мыздың жазықсыз көз жастарына кім жауап береді?.. Қажымұқан ҒАБДОЛЛА qazaquni.kz