Кәрім Мәсімовпен кешкі ас ішесіз бе?!.
2015 ж. 13 тамыз
2891
1
«Алтын жүрек-2015″ қайырымдылық сыйлығының салтанатты тапсыруы өтеді. Соның қарсаңында қайырымдылық аукционы өтпек, деп хабарлайды Today.kz.
Фото: today.kz
«Алтын жүрек» тарихындағы тоғыз жылдың ішінде, біз лоттарды пайдаланбақпыз. Олардың жалпы саны тоғыз болмақ. Негізгілерінің қатарында «Қазақстан ауры-2014″ байқауының жеңімпазы Регина Вандышевамен кешкі ас ішу болып табылады. Өз кезегінде Регина келісімін берді, сондай-ақ келісімін берген атақты саясаткерде бар. Қазіргі кезде келіссөздер жүргізілуде, болжаммен, бұл Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов. Бұл лоттар басқаларына қарағанда қымбатырақ болмақ – үш жүз мың теңгеден басталады», — дейді «Бауыржан» қайырымдылық қорының баспасөз-хатшысы Айнұр Сәлімбаева.
Сәлімбаеваның айтуынша, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров аукционға өзінің қолтаңбасы бар жеңіл жейдесін берген, сондай-ақ, «Милан» футбол клубы ойыншыларың қолтаңбалары бар доп, ұялы байланыс операторларының VIP-нөмірлері аукционға қойылған.
Ұйымдастырушылар жиналған қаржыға балаларға арналған ойын алаңдарын салмақ. Ол бірінші болып, Қызылорда қаласында салынатын болып бекітілген.