Қостанайдағы қазақ тілін қорлау енді сот шешімімен жалғасты!...
2015 ж. 30 шілде
3507
25
Сонымен, бүгін, яғни шілденің 30 күні Қостанайдағы мамандандырылған әкімшілік сотта жәбірленуші Ақтолқын Жәнібекова мен жәбірлеуші МАИ қызметкері Дәулет Досмаиловтың ісі қаралды. Сот Айткужинов Азамат Муратович жәбірленушінің арызы қанағаттандырылмайды деген үкім шығарды!
Сотқа әзер дегенде келген сержант Д.Досмаилов сотта орыс тілінде жауап берді. Жәбірленуші А. Жәнібекованың талабынан кейін өзі де қазақша екі сөздің басын әзер қосып отырған сот Айткужинов Азамат Муратовичтың амалсыздан жасаған «қазақша сөйлесіңіз» деген ескертпесінен кейін, бір-екі ауыз ғана қазақша бірдеңе деп мұрнының астынан мыңғырлап, соттан шығып кетті. Ақтолқын сотта іркілместен өзінің қызыл бағдаршамға өтіп кеткенін мойындағанын айта келе: «Маған жәбірлеуші жақтың ештемесі керек емес, тек қана Дәулет Досмаилов өзінің қазақ тілін қорлап, маған дөрекілік көрсеткені үшін кешірім сұрасын» деген екен, сот оның сөзіне ешқандай мән бермепті... Ал Д.Досмаилов кінәсін мойындамақ түгілі, қасындағы полиция қызметкерімен Ақтолқынды мазақтап, ыржалаңдап тұрыпты форма киіп келгеніне қарамай. Сонымен, Қостанайда қазақ тілін қорлау енді сот шешімімен жалғасты!... Полицай Досмаиловтар мен сот Айткужиновтардың әрекетінен Мемлекетіміз Тәуелсіз Қазақстан емес, Ресейдің бір губерниясы екеніне көз жеткізгендейміз. Қостанай қаласындағы бүгінгі болып өткен бүгінгі сот осындай масқара болып аяқталды. Қазақ тілі ешкімге де керек болмай қалғанын сот өзі дәлелдеп, нүктесін қойып берді. "СОТТА МЕН ЖЕҢІЛСЕМ ҚАЙТЕР ДЕЙСІЗ, СОТТА ҚАЗАҚТЫҢ ТІЛІ ЖЕҢІЛІП ҚАЛАЙЫН ДЕП ТҰР ҒОЙ, АҒАТАЙ-АЙ!!!"-деп шырылдаған қазақ қызы Ақтолқын Жәнібекова мұнымен қоя салмайтынын, қазақ тілінің намысы үшін енді қалалық сотқа шағымданатынын, Жоғары сотқа дейін баратынын айтты.. Ендігі сөз сіздерде, оқырман қауым!
Қуаныш МҰҚТАЙ
30.07.15 жыл
qazaquni.kz